«Педагог және заң» тақырыбында педагогтарға арналған іс-шара
Мақсаты – педагогтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңды білу арқылы кәсіби қызметте сенімді әрекет етуіне қолдау көрсету. Іс-шара барысында педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасын білу, өз құқықтары мен міндеттерін түсіну мәселелері қамтылды. Қатысушылар заңға қатысты жағдаяттық тапсырмалар орындап, пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара мазмұнды, пайдалы, әрі тәжірибеге бағытталған түрде өтті. Педагогтар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. My Webpage