Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🏛✨ МҰРАЖАЙ КҮНІ РУХАНИ ТАНЫМҒА БАСТАҒАН ЕРЕКШЕ БАСТАМАНЫ ШАҒАН 24 мектебі бастады ✨🏛
29
май
2026

🏛✨ МҰРАЖАЙ КҮНІ РУХАНИ ТАНЫМҒА БАСТАҒАН ЕРЕКШЕ БАСТАМАНЫ ШАҒАН 24 мектебі бастады ✨🏛

🏛✨ МҰРАЖАЙ КҮНІ
РУХАНИ ТАНЫМҒА БАСТАҒАН ЕРЕКШЕ БАСТАМАНЫ ШАҒАН 24 мектебі бастады ✨🏛

📚 Біз ұйымдастырған «Мұражай күні» — оқушылардың рухани дүниесін байытып, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын терең тануға бағытталған тағылымды жоба болды.
Театр күнін ұйымдастырып жатамыз немесе көп жағдайда мұражайларға шағын топтармен немесе жекелеген сыныптар ғана барып жатады.
✅📌Ал бұл жолғы ерекшелік — ✨ «Тұлға» жобасы аясында мектебіміздің барлық оқушылары, ұстаздары мен ұжымы бір күн ішінде Семей қаласындағы үш бірдей тарихи-мәдени ордаға
✅арнайы 🚘140 км жол жүріп ауылдан қалаға барып, мол мағлұмат алып қайтты.
✅✍️Осы бағыттағы жаңа әрі тағылымды бастаманы Абай облысында алғашқылардың бірі болып Шаған мектебі жүзеге асырды!

📍Сапар барысында оқушылар:
📖 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы,
🏫Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі және
🏫Ф.М. Достоевский әдеби-мемориалдық музейі қорларымен танысып, ұлылар ізі қалған киелі орындардың тарихына терең бойлады.
🏺Әр жәдігерден тағылым алып, тың деректерге қанықты.

✨ Бұл күн ауыл мектебінің оқушылары үшін тек экскурсия емес, тарихпен тілдескен, мәдениетпен қауышқан ерекше рухани саяхат болды.📚
💡 🔖Көптеген оқушылар жаңа жобалар мен зерттеу жұмыстарының тақырыптарын ойластырып, туған жер тарихына қызығушылықтарын арттырды.

🤝 Осындай маңызды бастамамызды қолдап, жоғары деңгейде қарсы алған музей басшылары мен қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіреміз.🤝
My Webpage