Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✨📺 Шаған мектебінің жарқын жеңісі – телеэфир төрінде! 🥊🏆
10
март
2026

✨📺 Шаған мектебінің жарқын жеңісі – телеэфир төрінде! 🥊🏆

✨📺 Шаған мектебінің жарқын жеңісі – телеэфир төрінде! 🥊🏆

“Бұлақ көрсең – көзін аш” дейді дана халқымыз.
Дарынды оқушыға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. 🌟

📅 27 ақпан күні мектебіміздің спортшы оқушылары мен жетекші ұстазы “Қазақстан–Семей” телеарнасының таңғы тікелей эфиріне қатысып, көрермендермен жүздесті. Тікелей эфир барысында шәкірттеріміз өз жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті.

🥊 Шаған мектебі – Жаңасемей ауданы бойынша бокс үйірмесінің мақтанышы!
Оқушыларымыз облыстық жарыстарда, аудан әкімінің чемпионатында жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатуда. 🏅

Бұл – тек жеңіс қана емес, бұл – табандылықтың, еңбекқорлықтың нәтижесі. 💪

Біз әрбір шәкіртіміздің жетістігіне қуанамыз!
Жас спортшыларымыздың жұлдызы жарқырай берсін! ⭐
Алда алар асулар көп болсын!​https://www.instagram.com/reel/DVfWxurjEWw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​