Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🥊🏆 ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДАҒЫ – ШАҒАН МЕКТЕБІ! 🏆🥊
10
март
2026

🥊🏆 ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДАҒЫ – ШАҒАН МЕКТЕБІ! 🏆🥊

Жаңасемей ауданындағы бокс үйірмесі бар жалғыз білім ордасы – Шаған мектебі тағы да жарқын жеңіспен қуантты! 💪

Абай облысы Жаңасемей ауданының ашық турнирінде мектебіміздің жас былғары қолғап шеберлері аудан намысын абыроймен қорғап, әр ауданнан келген мықты спортшылармен бақ сынасты.

🥇 І орын иегерлері:
🏅 43 кг – Ескен Мирас
🏅 37 кг – Түсіпханұлы Жанболат
🏅 35 кг – Медеуов Мирас
🏅 33 кг – Қадырбек Али
🏅 30 кг – Қадырбек Мади

🥈 ІІ орын иегерлері:
🏅 43 кг – Ризабек Дидар
🏅 40 кг – Құрманғажы Ералы
🏅 37 кг – Азизұлы Алихан

🥉 ІІІ орын иегерлері:
🏅 35 кг – Кенешбаев Алихан
🏅 35 кг – Макешов Алихан

👏 Командалық есепте Жаңасемей ауданы – І орын!

Бұл – мектебіміздің жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байсарин Мұрат Сайлауұлының қажырлы еңбегінің нәтижесі!

Осы орайда Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлына, аудан әкімінің орынбасары Самат Құдайбергенұлына, сондай-ақ аудандық спорт бөлімінің басшысы Дулат Сайлаубекұлына қолдау көрсетіп, жас спортшыларға сенім білдіргені үшін мектеп әкімшілігі, ата-аналар және ұстаздар атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!Бұл оқушылар ұзындығы 7 метр, ені 5 метр мектепке қосымша салынған шағын бөлмеде (біздің спорт зал) ғана дайындалып жүріп-ақ осындай жетістіктерге жетіп отыр. Алдағы уақытта ескерерсіздер деген ойдамыз.
@zhanasemey_akimdigi
@nurzhan_orazbekuly

Шараның ашылуында Самат Құдайбергенұлы жасөспірімдердің болашағына сенім артып, ақжарма тілегін жеткізді.
Жаңасемей ауданы спорт бөлімінің басшысы Дулат Сайлаубекұлы аудан бойынша спорт саласына үлкен көңіл бөлініп жатқанын айтты.
Мектеп директоры Жадыра Құнанбайқызы әр додада оқушыларға қолдау білдіретінін айтып, Әлихан Бөкейхановтың: «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» деген сөзімен жас спортшыларды қайсарлық пен намысқа шақырды.

🔥 Шаған мектебінің оқушылары – аудан мақтанышы!
Болашақ чемпиондарымыздың жеңісті жолы жалғаса берсін!
My Webpage