Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌟🏆 ЖАҢА ЖЕҢІС! БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ! 🏅
24
декабрь
2025

🌟🏆 ЖАҢА ЖЕҢІС! БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ! 🏅

🌟🏆 ЖАҢА ЖЕҢІС! БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ! 🏅

Облыстық ҚР СШҰ Қинаятов Дархан Ербосынұлын еске алуға арналған бокстан Абай облысының ашық турнирінде
Жаңасемей ауданы Шаған орта мектебінің намысын қорғаған оқушымыз Медеуов Мансұр 38 кг салмақта жүлделі ІІ орынды жеңіп алды! 👏

Мансұрдың жеңісіне үлес қосқан жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байсарин Мұрат Сайлауұлына ерекше алғыс білдіреміз! 💪

Бұл додаға облыстың түкпір-түкпірінен 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтылықтарын сынады. Солардың арасынан суырылып шыққан Мансұр нағыз еңбек пен табандылықтың үлгісін көрсетті! 💥

Мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары жеңімпазымызды зор қуанышпен қарсы алып, мектеп директоры Жадыра Төлеуқоңыр Құнанбайқызының қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 🏆

Бұл — Шаған мектебінің ғана емес, бүкіл Жаңасемей ауданының жеңісі!
Біз Мансұрдың жеңісіне қуанып, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенеміз! 🚀
My Webpage