Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2026

Отбасы апталығы

👨‍👩‍👧‍👦 ОТБАСЫ – ӨТКЕН МЕН БОЛАШАҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРАТЫН АЛТЫН КӨПІР! 💫

📚 Отбасы апталығы аясында мектебімізде «Отбасы тарихы – баланың көзімен» атты тарихи жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды.
🏡 Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық. Ал отбасы тарихын білу – өткенді құрметтеуге, ата-баба мұрасын қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелейді.

✨ Көрме барысында оқушылар өз отбасыларының тарихын таныстырып, ата-бабаларынан қалған құнды жәдігерлер мен естеліктерді көпшілік назарына ұсынды. Әрбір жәдігер – өткеннен сыр шертетін, ұрпақтар сабақтастығын айғақтайтын асыл мұра.

🎯 Көрменің басты мақсаты – оқушыларды өз отбасының тарихын зерттеуге, тарихи жәдігерлерді қастерлеуге және тарихи жадыны сақтауға баулу.
💛 Өткенін білген ұрпақ – болашағын нық қалыптастырады!My Webpage