Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Отбасы — бақыт мекені” және “Мен және менің отбасым” атты жылы көрме
19
май
2026

“Отбасы — бақыт мекені” және “Мен және менің отбасым” атты жылы көрме

Отбасы күніне орай мектебімізде ерекше әрі әсерлі іс-шаралар ұйымдастырылды. ✨ Мектеп қабырғасында “Отбасы — бақыт мекені” және “Мен және менің отбасым” атты жылы көрме безендіріліп, көркем еңбек пәнінің мұғалімі оқушылардың отбасылық суреттерінен арнайы бұрыш дайындады. Әрбір суреттен отбасының мейірімі, қуанышы мен бақытты сәттері көрініс тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. 💙👨‍👩‍👧‍👦

Бұл көрме — отбасы құндылығын дәріптеп, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тағылымы мол бастама болды. Отбасы — әр адамның тірегі, жүрек жылуы мен бақыт мекені. Осындай жылы сәттер арқылы оқушылар өз отбасына деген мақтаныш сезімін бөлісті.

Барша отбасына амандық, татулық, мол бақыт пен береке тілейміз! 🌷
My Webpage