Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2026

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

2026–2027 оқу жылына арналған алғашқы педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогикалық кеңестің тақырыбы:
«Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі»
🎯 Педагогикалық кеңестің мақсаты: Жаңа халықтық Конституцияда айқындалған нормалар мен құндылықтарды білім беру мазмұнымен сабақтастыра отырып, адами капиталды дамытуға бағытталған білім беру жүйесінің стратегиялық міндеттерін айқындау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды белгілеу.

Кеңес барысында:
🔹 Жаңа халықтық Конституцияның негізгі нормалары мен құндылықтарын білім беру үдерісінде жүзеге асырудың маңыздылығы;
🔹 заманауи білім беру технологияларын, инновациялық әдістер мен цифрлық мүмкіндіктерді оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану;
🔹 педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және кәсіби даму бағыттары;
🔹 2026–2027 оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі басымдықтары талқыланды.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстар сараланып, білім сапасын арттыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына және педагогтердің кәсіби әлеуетін жетілдіруге бағытталған мақсат-міндеттер айқындалды.My Webpage