Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
май
2026

Шебер сағат

«Шаған кентінің №24 ЖНББМ»КММ-інде
«ЕББҚ оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы ассистивті және цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында мұғалімдер арасында шебер сағат өткізілді.
Шебер сағаттың мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылармен жұмыс барысында заманауи ассистивті және цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарын таныстыру, тәжірибе алмасу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға:
• ассистивті технологиялардың түрлері мен маңызы;
• цифрлық білім беру платформаларын сабақта қолдану әдістері;
• ЕББҚ оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға арналған тапсырмалар;
• интерактивті құралдар мен арнайы қосымшаларды пайдалану жолдары көрсетілді.
Шебер сағат практикалық бағытта ұйымдастырылып, мұғалімдер топтық жұмыстар орындап, заманауи цифрлық ресурстармен жұмыс жасады. Қатысушылар кері байланыс барысында ұсынылған әдіс-тәсілдердің оқу үдерісінде тиімді екенін атап өтті.
Нәтижесінде педагогтер инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе жинақтады.
My Webpage