10
март
2026
⚜️ Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, “Адал азаматтарды” тәрбиелейтін мектебіміз.

🗓️ 17 ақпан күні Озерки мектебінде өткен облыстық «Ұрпақ жүрегіне жол» тимбилдингіне Шаған мектебінің ұстаздары, ата-аналары және оқушылары белсене қатысып қайтты.
📈 Мектебімізден 34 қатысушы әр бөлім бойынша өнер көрсетіп, бір үйдің баласындай ұйымшыл ұжым екенімізді көрсетті.
📋 Жаңасемей мектептері атынан мектебіміздің директоры Жадыра Төлеуқоңыр Құнанбайқызы тәжірибе таратып, ауыл мектебінің мүмкіндігі мен әлеуеті қала мектебінен кем емес екенін тағы бір мәрте көрсетті.
📮 Тимбилдинг — қазіргі білім беру мен ұжым мәдениетінде ерекше маңызға ие үрдіс.
«Team» — команда, «Building» — құру. Яғни, бір мақсатқа жұмылған адамдардың сенім мен сыйластық арқылы біртұтас күшке айналуы.
Ал біз үшін бұл — жай ғана шара емес, жүректердің жақындасуы, буындардың байланысы, ортақ тәрбие кеңістігі 🌿
Іссапар барысында Семей қаласына аялдап, Шағандық жерлесіміздің мейрамханасында бірге ас ішіп, ұлттық дәстүрді дәріптеп, оқушыларымызға үлгі көрсеттік.
Өзіміз team, өзіміз building бола білдік.
Осындай сапарлар — балаларға тәрбие, ата-анаға сенім, ұстазға шабыт береді.
Бірлігіміз бекем болсын!
Ауыл мектебі — тек білім ордасы емес, үлкен отбасы ⚜️
My Webpage