19
май
2026
✨ Білімдегі рухани көпір | Қазақстан – Түркия ынтымақтастығы ✨

Түркияның Денизли қаласындағы беделді білім ордаларының бірі – Ибрахим Чинкая әлеуметтік ғылымдар лицейінде Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті.
Кездесуге Түркия елінің @ibrahimcinkayasbl мектебі директоры және ұстаздары Қазақстан тарапынан @shagan_24_mektep _mektep Шаған 24 жалпы негізгі білім беретін мектептің директоры Жадыра Төлеуқоңыр Құнанбайқызы қатысып, екі ел мектептері арасындағы әріптестікті дамыту, тәжірибе алмасу және болашақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
📚 Кездесу барысында:
– білім беру жүйесіндегі өзара тәжірибе алмасу,
– оқушылар мен мұғалімдер арасында байланыс орнату,
– мәдени және рухани құндылықтарды насихаттау бағыттары сөз болды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Түркия мектептерінде Erasmus+ сияқты халықаралық бағдарламалар арқылы оқушылар мен мұғалімдерді шетелге жіберу тәжірибесі кеңінен қолданылып келетіні айтылып, осы үлгіні түбі бір түркі елдері арасында да дамыту мүмкіндігі кеңінен талқыланды.
Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасында жоғары оқу орындары студенттеріне арналған бағдарламалар бар. Алайда мектеп оқушылары мен түлектер үшін:
📌 шетелде оқу мүмкіндіктерін ерте таныстыру,
📌 тіл меңгеру,
📌 жаңа ортаға бейімделу сияқты өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Осы бағытта мектеп деңгейінен бастап халықаралық байланысты дамыту, оқушыларға нақты жол көрсету бойынша алғашқы бастама көтерілді.
👩🏻🏫 Ресми кездесуден кейін мектеп сыныптары араланып, оқушылармен еркін форматта жүздесу өтті. Бұл сәттер шынайы ықылас пен бауырластықтың көрінісіне айналды.Болашақта игі бастама Абай облысынан бастау алады деп сенеміз.
@abaidaryny
@abai_imc
@abai.bilim.basqarmasy
🌍 Қазақстан мен Түркия – тамыры бір, тарихы ортақ елдер
📖 Білімдегі көпір – болашаққа бастар жол
🌿 Түркі елдері – ортақ мүмкіндік алаңы
Кездесуге себепші болған түрік тілі мен әдебиеті ұстазы Hasan Açıkgöz мырзаға алғысымызды білдіреміз!
My Webpage