01
апрель
2026
Ұлыстың ұлы мерекесі Әз Наурыз Шаған 24 мектебінде
Шаған 24 мектебі қабырғасында 18 наурыз күні Ұлыстың ұлы тойы Әз Наурыз мерекесі кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Бұл күні мектеп ауласы шаттық пен қуанышқа толып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды. Көрермендерге халқымыздың бай мұрасы таныстырылып, ұлттық салт-дәстүрлер мен өнер түрлері кеңінен көрсетілді. Әсем ән шырқалып, мың бұралған би биленіп, мерекелік көңіл күй еселене түсті.
🎯 Ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады: асық ойнау, арқан тартыс секілді ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Ақ баталар беріліп, игі тілектер айтылды.
🤝 Ауыл тұрғындары мен ата-аналардың басын қосқан бұл мерекеде дәстүрлі Наурызкөже дайындалып, барша қауымға таратылды. Ыстық бауырсақтар пісіріліп, қазанда дәмді ас әзірленді.
🏡 Сонымен қатар, Абай ауылы, Мұқағали ауылы, Әлихан Бөкейхан ауылы, Жамбыл ауылы және Шоқан ауылы өздерінің өнерлерін көрсетіп, қазақы тұрмыс пен ұлттық дәстүрлерді сахналық қойылымдар арқылы әсерлі жеткізді.
🏆 Мереке қорытындысы бойынша үздік ауылдар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді.
✨ Әз Наурыз – береке мен бірліктің, татулық пен жаңарудың символы. Осындай тағылымы мол шаралар ұрпақ бойына ұлттық рух пен құндылықтарды сіңіре берсін!
My Webpage