21
октябрь
2026
ШАҒАН №24 МЕКТЕБІНДЕ ЖАҢА ӘМБЕБАП КАБИНЕТ ЖАБДЫҚТАЛДЫ!
🌟 ШАҒАН №24 МЕКТЕБІНДЕ ЖАҢА ӘМБЕБАП КАБИНЕТ ЖАБДЫҚТАЛДЫ! 🌟
📚 Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдау мақсатында Jelken қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шаған №24 мектебінде заманауи әмбебап кабинет жабдықталды.
🔬 Жаңа кабинет оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын жүргізуге кең мүмкіндік береді.
💻 Кабинетте:
▫️ химия, биология, физика, география пәндеріне арналған оқу құралдары;
▫️ информатика, ағылшын тілі және бастауыш білім беруге арналған жабдықтар;
▫️ заманауи микроскоптар;
▫️ 4 ноутбук;
▫️ мұғалімге арналған компьютерлік жабдықтар;
▫️ қажетті жиһаздар мен көрнекі құралдар қамтылған.
🧪 Сонымен қатар, шағын зертхана оқушыларға камера арқылы бақылау жасап, түрлі зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді. Бұл – балалардың зерттеушілік қабілетін дамытып, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға жол ашатын үлкен мүмкіндік.
💙 Шаған №24 мектебінің ұжымы атынан ауыл мектебінің дамуына қолдау көрсетіп, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасап отырған «Қазақстан халқына» қорына және Jelken қоғамдық қорына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің қолдауларыңыз – ауыл балаларына жасалған үлкен мүмкіндік, білімге бастар жарқын жол!
✨ Білімге салынған инвестиция – ел болашағына салынған инвестиция!My Webpage