19
октябрь
2026
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
🎒📚 «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ — БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ!
Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектебіміздің оқушыларына қолдау көрсетіліп, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге игі бастамалар жасалуда. 🌟
🔹 Бұл қайырымды істі оқушыларға қолдау көрсетуде өз қаражаты есебінен мектеп директоры Жадыра Құнанбайқызы бастап, балалардың жаңа оқу жылына жақсы дайындықпен келуіне өз үлесін қосты. 📚
Сонымен қатар, акцияға атсалысып, оқушыларға қолдау көрсеткен:
🔹 Семей жол станциясы учаскесінің бөлімшесіне және басшысы Айдос Заманбекұлына;
🔹 Семей жол станциясы 1-өндірістік учаскесінің 2-линия бөлімшесіне және басшысы Самат Мәулетұлына;
🔹 «Али» дүкенінің иесі Ләйлә Тасболатовнаға
🔹 Жеке кәсіпкер Магузумов Ержан Ескенұлына
шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 💐
Сіздердің балаға деген жанашырлықтарыңыз бен қолдауларыңыз — үлкен адамгершіліктің, қамқорлықтың және әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. ❤️
Осындай игі істердің арқасында балалар жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастап, білім алуға деген ынтасын арттыра түседі.
📚 Балаға жасалған әрбір қолдау — оның жарқын болашағына жасалған маңызды қадам!
Жаңа оқу жылы әр оқушыға сәттілік, мол білім, жақсы жетістіктер және жарқын қуаныштар әкелсін! 🎓✨Instagram