Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ
21
октябрь
2026

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

📢 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР БОЙЫНША КЕЗДЕСУ
Бүгін Шаған кентінің №24 жалпы негізгі білім беретін мектебінде зейнетақы қорының өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті. 🤝
🎯 Кездесудің басты мақсаты – биылғы жылы зейнетақы жүйесінде енгізілген өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру, азаматтардың зейнетақы төлемдеріне қатысты маңызды ақпаратпен бөлісу.
Кездесу барысында мамандар:
🔹 зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар;
🔹 зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі;
🔹 зейнет жасына жақындаған азаматтарға қатысты маңызды мәселелер;
🔹 зейнетақы жинақтарын тиімді басқару және әлеуметтік төлемдер туралы түсініктеме берді.
👩‍🏫 Әсіресе зейнет жасына жақындаған ұстаздар үшін кездесу өте пайдалы болды. Мектеп ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толық жауап алды. @enpf.kz

💬 Мұндай кездесулер – халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, зейнетақы жүйесіне қатысты ақпаратты дұрыс түсінуге мүмкіндік беретін маңызды алаң.

✨ Ақпараттану – болашақты жоспарлаудың маңызды қадамы! https://www.instagram.com/reel/DdW1bnGsVvW/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==