Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2026

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ
⚡️ «Тамаша мұғалімдер өзгеше не істейді?»
📚Тодд Уитакердің әлемдік бестселлері “What Great Teachers Do Differently” кітабы – әр ұстазға кәсіби ой салып, өз тәжірибесіне жаңаша көзқараспен қарауға жетелейтін құнды еңбек.

📖 Кітапты оқуға ұсынушы – Жадыра Төлеуқоңыр Құнанбайқызы, «Шаған кентінің №24 ЖНББМ» КММ директоры, «Үздік педагог – 2023» республикалық байқауының жеңімпазы, білім берудегі 1000 көшбасшы.

✨ Кітаптан түйген басты ойлар:
🔹 «Бағдарлама емес, адамдар шешеді» – мектеп сапасын ең алдымен мұғалімнің тұлғасы, жүрегі мен іс-әрекеті айқындайды.
🔹 Жоғары талап – ең алдымен өзіңе. Ұстаз өзінен де жоғары жауапкершілікті талап ете білуі керек.
🔹 Позитивті атмосфера мен мақтау – сенім мен құрметке негізделген орта қалыптастырады.
🔹 Мақсатты жоспарлау – әр әрекетті саналы жоспарлап, нәтижеге бағыттау.
🔹 ❤️ Шын жүректен қамқорлық жасау – ұстаздықтың ең маңызды қағидаларының бірі.
💡 Бұл кітап үздік педагог болу тек әдіс пен білімге емес, ең алдымен адамға деген көзқарасқа байланысты екенін көрсетеді.
📚 Кітап оқу – кәсіби дамудың бастауы. My Webpage