Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ҰСТАЗ ҮШІН КӘСІБИ ДАМУ!
21
октябрь
2026

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ҰСТАЗ ҮШІН КӘСІБИ ДАМУ!

📚 ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ҰСТАЗ ҮШІН КӘСІБИ ДАМУ!
⚡️Облыстық “10 кітап 1 мақсат” жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Кітап оқу мәдениетін дамыту: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы интерактивті тәжірибе алмасу алаңында Шаған кентінің №24 жалпы негізгі білім беретін мектебінің директоры, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Жадыра Құнанбайқызы облыс ұстаздарына арналған «THE GREAT TEACHER CODE» атты интерактивті семинар-сессия өткізді. 🌟

⚡️Семинар «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы Шыңғыс Әбілұлымен бірлесіп ұйымдастырылды. @shyngys_elektroenergetika

🎯 Интерактивті семинардың басты ерекшелігі – құрғақ теорияға емес, әрекет арқылы білім алуға, тәжірибені талдауға және нақты нәтижеге бағытталған практикалық жұмысқа басымдық берілуі.
Қатысушылар:
🔹 тақырыптық талқылауларға;
🔹 рефлексивті күнделік жұмыстарына;
🔹 топтық кейстерді шешуге;
🔹 тәжірибені саралауға бағытталған практикалық тапсырмаларға белсенді қатысты.
⚡️Семинар барысында Джим Коллинздің «Good to Great» («Жақсыдан үздікке») концепциясы негізінде кәсіби даму, көшбасшылық, тиімді әрекет және нәтижеге жету жолдары қарастырылды.

✨ Директорлық қызметімен қатар, ұстаздық миссиясын биік қоятын ұстаздың семинарына қатысушылар жаңа әдістер мен тың идеялар, кәсіби ойға азық болатын тұжырымдар мен терең рефлексия алғандарын атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді. 💐

📖 Тәжірибе бөліскен сайын толығады.
Білім бөліскен сайын көбейеді.
Ал үздік ұстаз – өзі үйрене отырып, өзгеге де үйрететін ұстаз! My Webpage