Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 19.03.2026 » Страница 2
💐14 наурыз – Көрісу күні
19
март
2026
💐14 наурыз – Көрісу күні
💐14 наурыз – Көрісу күні Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күннің бастауы. Бұл күнді Наурыз мейрамының алғашқы қадамы деп айтуға болады. Таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына шүкір айтып, туыс-туған, көрші-көлемен қауышып, қол алысып, төс қағысып көріседі. Ал бүгін Шаған мектебінде Көрісу күніне орай осындай әдемі сәлемдесу ұйымдастырылып, ұстаздар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүр дәріптеліп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілді💐✨ My Webpage
💻 Мұғалімдерге арналған онлайн тестілеу
19
март
2026
💻 Мұғалімдерге арналған онлайн тестілеу
💻 Мұғалімдерге арналған онлайн тестілеу Бүгін мектебіміздің мұғалімдеріне Tests.kz платформасын қолдану бойынша онлайн форматта оқыту ұйымдастырылды. Оқу барысында ұстаздарға тест құрастыру, тапсырмалар дайындау және оқушылардың білімін тиімді бағалау жолдары түсіндірілді. Бұл оқыту мұғалімдердің цифрлық дағдыларын жетілдіріп, сабақ барысында заманауи білім беру платформаларын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 📚 Білім сапасын арттыру жолында жаңа мүмкіндіктерді меңгеру – уақыт талабы. My
іКөрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
19
март
2026
іКөрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызды көктемнің жарқын мерекесі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, өткенге шүкір айтып, жаңа жылды ақ ниетпен қарсы алатын ерекше күн. Көрісу күні – татулық пен бірліктің, мейірім мен ізеттің мерекесі. Осы күні үлкенге құрмет көрсетіліп, кішіге қамқорлық жасалады, ағайын-туыс, дос-жаран бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Әр шаңыраққа амандық, молшылық, қуаныш пен береке тілейміз! Жаңа жыл әрқайсыңызға тек жақсылық әкелсін. My
Назад 1 2 Вперед