Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директор сағаты — даму мен диалог алаңы
26
февраль
2026

Директор сағаты — даму мен диалог алаңы

📚 Директор сағаты — даму мен диалог алаңы

👩🏻‍💻Мектебімізде оқу жылының басталуымен ерекше форматтағы «Директор сағаты» талқылау алаңы өтуде.

🧑🏽‍🎓Мақсаты — мектептің даму жолындағы маңызды бағыттарды бірге талқылау, мұғалімдердің ойы мен ұсыныстарына ашық алаң ұсыну.

📚Бұл бастама мектеп директоры Жадыра Төлеуқоңыр Құнанбайқызының жетекшілігімен жүзеге асып жатыр.

🧠 Өзгерісті ең алдымен өзінен бастап, ұстаздарымен бірге дамуға, үйренуге және үйретуге бағытталған.

🌟 «Өзгеріс өзімізден басталады» деген ұстаныммен:
✅ Оқытудағы өзгеріс
✅ Санадағы серпіліс
✅ Цифрлық өзгеріс
✅ Эмоциялық интеллектіні дамыту (EQ)
жолында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

📌 Осы аптада әдістемелік алаңда жас маман Айдана Айдосқызымен видео редакциялау бойынша цифрлық платформалар таныстырылды.
📚Айдана Айдосқызы ұсыныстарымен бөлісіп, мұғалімдермен ашық талқылау алаңы жүргізілді.
My Webpage