Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2026

КҮЗГІ АСАР

🌾🍁 “Алтын күз” апталығы аясындағы КҮЗГІ АСАР — 2025-2026 оқу жылының жарқын бастамасы! 🍁

⚜️🔰Бүгін мектебімізде дәстүр мен еңбекті ұштастырған ерекше шара “Күзгі асар” және күзгі жәрмеңке өтті.
⚜️🔆“Асар” — халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі. Бұл — бірліктің, татулықтың, өзара көмектің белгісі. Ертеректе ел тұрғындары бірінің үйін салып, егінін орып, шаруасына жәрдемдескен. Сол дәстүр бүгінде жаңа сипат алып, оқушылардың еңбекқорлығын, ұйымшылдығын дәріптейтін мерекеге айналды. ✅

〽️🎯Жәрмеңкеге 1-9 сынып оқушылары белсене қатысып, өз қолдарымен түрлі тағамдар мен бұйымдар дайындады. 🍰🧺 Ауыл тұрғындары мен ата-аналар да бұл игі істен қалыс қалмай, балалардың еңбегін жоғары бағалады.

🎯Мектеп бүгін мерекелік көңіл күйге бөленіп, әрбір сынып өз еңбегін паш етті. 💛
Еңбегімен көзге түсіп, ең көп қор жинаған сынып алдағы күндері арнайы марапатқа ие болады! 🏆

Осындай шаралар арқылы оқушыларымыз халқымыздың асыл дәстүрін жаңғыртып, еңбек пен ізгілікке баулып келеді.
My Webpage