10
март
2026
Әрдайым қауіпсіздік – басты назарда! 🚨🏫
Әрдайым қауіпсіздік – басты назарда! 🚨🏫
Бүгін мектебімізде жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен ұстаздарға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары жан-жақты түсіндірілді.
🔸 Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде абыржымау, паналайтын қауіпсіз орындарды пайдалану, баспалдақ пен лифтке жүгірмеу, сыртқа ретсіз шығуға болмайтыны ескертілді.
🔸 Өрт кезінде сабыр сақтап, мұғалімдердің нұсқауын орындау, түтіннен қорғану, эвакуациялау жолдарымен тез әрі қауіпсіз шығу керек екені көрсетілді.
Оқу-жаттығу барысында оқушылар мен ұстаздар теориялық және практикалық мәліметтер алып, өз білімдерін іс жүзінде бекітті. Мұндай шаралар – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Қауіпсіз орта – әрбір бала үшін сенімді болашақ! 🧯✨
📌 Қауіпсіздік ережесін сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
My Webpage