10
март
2026
🌷 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! 🌷

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде жүрекке жылу сыйлаған мерекелік іс-шара өтті. Бұл – мейірім мен ізгіліктің, анаға деген құрмет пен алғыстың ерекше күні.
Осы мерекелі күні аяулы аналар мен әжелерді, сондай-ақ шәкірт тәрбиелеп, ұрпақ болашағына жол көрсетіп жүрген қадірлі ұстаздарымызды құттықтаймын. Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, жас ұрпақтың жүрегіне мейірім мен ізгіліктің дәнін егетін асыл жан. Сіздердің еңбектеріңіз – ел болашағын тәрбиелеудегі маңызды қызмет.
📚Мереке қарсанында мектепалды даярлық сыныбының ұстазы Байдалинова Бахыт Нагметовна білім беру саласына сіңірген елеулі еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін Жаңасемей білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!👏
@zhanasemey_bb
⚜️Барша ұстаздар мен ұжымның әйелдер қауымын мектеп директоры Жадыра Құнанбайқызы Құрмет грамотасы, мақтау қағаздарымен марапаттады.
Осы мерекелі күнде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
Көктемдей құлпырып, әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпесін!
My Webpage