26
февраль
2026
Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан
⚡️Құрметті ұстаздар қауымы, ардақты ардагер ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🔷Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, ол – жүректің таңдауы, тағдырлы миссия, ұлы мәртебе. Себебі ұстаз шәкіртінің тек білімін ғана емес, жан-дүниесін тәрбиелеп, өмір жолына бағыттайды.
📚Хакім Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан»,-деп айтса, дана халқымыз «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы»,-деген. Бұл сөздер ұстаз еңбегінің қаншалықты киелі екенін айқындайды.
🔰Ұстаз – өмірдің шамшырағы, қоғамның алтын діңгегі. Сіздердің әрбір еңбектеріңіз – ұлт болашағының мызғымас іргетасы. Сіздерден тәлім алған әр шәкірт биік шыңдарға жетіп, ел ертеңін жарқын етері сөзсіз.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс пен абырой тілеймін!
Жүректеріңіз қуанышқа, күндеріңіз шабытқа толы болсын!
Құрметпен: Жадыра Төлеуқоңыр Құнанбайқызы
My Webpage