Абай облысы
Білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"Шаған кентінің №24 негізгі жалпы білім беретін мектебі"КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года » Страница 2
💐14 наурыз – Көрісу күні
19
март
2026
💐14 наурыз – Көрісу күні
💐14 наурыз – Көрісу күні Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күннің бастауы. Бұл күнді Наурыз мейрамының алғашқы қадамы деп айтуға болады. Таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына шүкір айтып, туыс-туған, көрші-көлемен қауышып, қол алысып, төс қағысып көріседі. Ал бүгін Шаған мектебінде Көрісу күніне орай осындай әдемі сәлемдесу ұйымдастырылып, ұстаздар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүр дәріптеліп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілді💐✨ My Webpage
💻 Мұғалімдерге арналған онлайн тестілеу
19
март
2026
💻 Мұғалімдерге арналған онлайн тестілеу
💻 Мұғалімдерге арналған онлайн тестілеу Бүгін мектебіміздің мұғалімдеріне Tests.kz платформасын қолдану бойынша онлайн форматта оқыту ұйымдастырылды. Оқу барысында ұстаздарға тест құрастыру, тапсырмалар дайындау және оқушылардың білімін тиімді бағалау жолдары түсіндірілді. Бұл оқыту мұғалімдердің цифрлық дағдыларын жетілдіріп, сабақ барысында заманауи білім беру платформаларын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 📚 Білім сапасын арттыру жолында жаңа мүмкіндіктерді меңгеру – уақыт талабы. My
іКөрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
19
март
2026
іКөрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызды көктемнің жарқын мерекесі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, өткенге шүкір айтып, жаңа жылды ақ ниетпен қарсы алатын ерекше күн. Көрісу күні – татулық пен бірліктің, мейірім мен ізеттің мерекесі. Осы күні үлкенге құрмет көрсетіліп, кішіге қамқорлық жасалады, ағайын-туыс, дос-жаран бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Әр шаңыраққа амандық, молшылық, қуаныш пен береке тілейміз! Жаңа жыл әрқайсыңызға тек жақсылық әкелсін. My
📢 Мұғалімдермен жиналыс өткізілді
13
март
2026
📢 Мұғалімдермен жиналыс өткізілді
📢 Мұғалімдермен жиналыс өткізілді Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында педагог қызметкерлермен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарын сақтау, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, мектепке тыйым салынған заттарды алып кірудің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Педагогтарға оқу процесі кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кез келген күмәнді жағдайларды дер
📢 Күзет қызметкерлерімен жиналыс өткізілді
13
март
2026
📢 Күзет қызметкерлерімен жиналыс өткізілді
📢 Күзет қызметкерлерімен жиналыс өткізілді Мектебімізде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында күзет қызметкерлерімен арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бөгде адамдардың мектеп аумағына кіруін бақылау, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мәселелері талқыланды. Күзет қызметкерлеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, мектеп аумағын тұрақты бақылауда ұстау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
🌷 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! 🌷
10
март
2026
🌷 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! 🌷
🌷 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! 🌷 Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде жүрекке жылу сыйлаған мерекелік іс-шара өтті. Бұл – мейірім мен ізгіліктің, анаға деген құрмет пен алғыстың ерекше күні. Осы мерекелі күні аяулы аналар мен әжелерді, сондай-ақ шәкірт тәрбиелеп, ұрпақ болашағына жол көрсетіп жүрген қадірлі ұстаздарымызды құттықтаймын. Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, жас ұрпақтың жүрегіне мейірім мен ізгіліктің
🤱🏻”Ана-сыр, Мұқағали -жыр”атты 2⭐️⭐️жұлдыз әдеби-сазды мерекелік кеш өтті.🎺🪉
10
март
2026
🤱🏻”Ана-сыр, Мұқағали -жыр”атты 2⭐️⭐️жұлдыз әдеби-сазды мерекелік кеш
⚡️🌷🌷🌷Халықаралық әйелдер күні және ақиық ақын М.Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай мектебімізде 🤱🏻”Ана-сыр, Мұқағали -жыр”атты 2⭐️⭐️жұлдыз әдеби-сазды мерекелік кеш өтті.🎺🪉 ⚜️ Мақсаты: Аяулы аналар, ардақты әжелер, бүлдіршін қыздар мен ұстаздар қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау және әр өлеңі халық қазынасына айналған Мұқағали әндерін насихаттау. ⭐️⭐️ 2 жұлдыз ән байқауына даярлық сыныптан бастап 9-сыныпқа дейін барлық сынып жетекшілер мен оқушылар дуэтінен құралған өнерпаздар
«Жүректер диалогы» тақырыбында тренинг өткізілді.
10
март
2026
«Жүректер диалогы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мектебімізде оқушы қыздар мен сынып жетекшілерінің қатысуымен «Жүректер диалогы» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – қыз балалар мен ұстаздар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, ашық әңгіме арқылы өзара түсіністік пен қолдауды арттыру. Педагог-психолог: Т.Ш.ЕсекеноваMy Webpage
“Туберкулездің алдын алу-денсаулық кепілі” тақырыбында 9-сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді.
10
март
2026
“Туберкулездің алдын алу-денсаулық кепілі” тақырыбында 9-сынып
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған апталық іс-шара аясында бүгінгі күні “Туберкулездің алдын алу-денсаулық кепілі” тақырыбында 9-сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында туберкулез ауруының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың таралу жолдары мен сақтану шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мектеп медбикесі: Н. Искакова және сынып жетекшісі. My Webpage