🌿 «Таза Қазақстан» – таза болашақ кепілі! 🌿
🌿 «Таза Қазақстан» – таза болашақ кепілі! 🌿 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде сенбілік ұйымдастырылды. 🌱 Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер бірлесе отырып, мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Қоқыстар жиналып, аумақ ретке келтірілді. 🍃 Бұл сенбілік – табиғатқа деген жанашырлықты арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Әрбір таза аула – біздің жарқын болашағымыздың негізі! ✨